«Қазгидромет» синоптиктері 2 қаңтарға арналған дауылды ескерту жариялады. Астана қаласы мен Қазақстанның 16 облысында қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz.
Метеорологтар тұрғындарды тұман, көктайғақ, қар мен қатты желге байланысты сақ болуға шақырып отыр.
Елордада күндіз көктайғақ, ал түнде және таңертең тұман түседі.
Желдің жылдамдығы күшейіп, 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Маңғыстау облысының батысы, солтүстігі мен орталығында жаңбыр мен қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі.
Ақтау қаласында да көктайғақ болжануда.
Ақтөбе облысында түнде және күндіз қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, ал кей аумақтарда қатты қар жауады.
Ақтөбе қаласында күндіз қар күшейіп, түнде тұман болады.
Жетісу облысында тұман жиі түсіп, желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Талдықорғанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында қар мен жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел екпіні 15–20 м/с.
Шығыс Қазақстан, Абай, Ұлытау, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында қалың тұман күтіледі.
Кей өңірлерде қар, бұрқасын және қатты жел байқалады.
Қарағанды қаласында да тұман түседі.
Семейде қар мен бұрқасын күтіліп, жел күшейеді.
Түркістан облысының бірқатар аумағында, сондай-ақ Шымкент пен Түркістан қалаларында тұман күтіледі.
Мамандар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жолда аса сақ болуды, ал алыс сапарларды ауа райы жақсарғанша кейінге қалдыруды ұсынады.
Қазгидромет өкілдері қолайсыз ауа райы көлік қозғалысына, әуе рейстері мен коммуналдық қызмет жұмысына әсер етуі мүмкін екенін ескертеді.