"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 21 ақпанда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Malim.kz.
Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 23 м/с. Жезқазғанда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында қар, бұрқасын, күндіз қар, бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, кей уақыттарда екпіні 25 м/с. Қарағандыда күндіз қар, бұрқасын күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с Атырау қ.: 21 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде Мұғалжар ауданында екпіні 15-18 м/с.
Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Таулы аудандарында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Талдықорғанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, шығысында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Қонаевта күндіз солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады 15-20, екпіні 23 м/с.
Астанада күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан соғады, түнде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ: 21 ақпанда кей уақытта тұман, түнде көктайғақ күтіледі. Жел батыстан соғады, түнде күші 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Өскемен қ.: 21 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысыныңбатысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 21 ақпанда күндіз қар, бұрқасын, күтіледі. Шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с.
Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысында қар, бұрқасын, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, түнде кей уақыттарда 23 м/с. Қостанайда түнде және таңертең қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, облыстың батысында кей уақыттарда қатты қар, күндіз қар, бұрқасын, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Көкшетауда күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан соғады, түнде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман, түнде көктайғақ күтіледі. Жел батыстан соғады, түнде күші 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 21 ақпанда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысында жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Шымкентте жауын-шашын, түнде қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Түркістанда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.