Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

25 мың текше метр су жетіспейді. Астанадағы су тапшылығы қалай шешіледі? 

Сұқбат
25 мың текше метр су жетіспейді. Астанадағы су тапшылығы қалай шешіледі? 

Астанада су тапшылығы қатты байқалып отыр. Халық саны өсіп, құрылыс қарқыны артқанмен, шаһарда 2 су сорғы соратын станция ғана бар. Ауыз су тапшылығының әсерінен  елордалықтардың бір бөлігі суды кестеге сай алып отыр.  

«Астана су арнасы» жариялаған ресми мәліметке сәйкес, тұрғындар суды таңертең 4.00-ден 9.00-ге дейін, түскі үзіліс уақытында және кешкі 18.30-дан түнгі 12.00-ге дейін қалағанынша пайдаланады. Қалған уақыттың бәрінде қысым азаяды. Су арнасы өкілдері шама келгенше екі есе көп су беріп жатқандарын, бұның өзі аздық ететінін мәлімдеген. Жауапты мекеме бұл жағдай жылдар бойы қордаланған мәселе салдары дейді. Қаншама үй салынып, халық саны өскенімен, су беретін станциялар саны өзгеріссіз қалған.

Бұқараны алаңдатып отырған үшінші сорғы сүзгі станциясы қолданысқа қашан беріледі?  2021 жылдан бері салынып жатқан нысан жуық арада іске қосыла ма? Бұл сұраққа қала әкімі Жеңіс Қасымбек жауап берді. 

«Су мәселесі жиі көтеріліп отыр. Биыл сорғы-сүзгі станциясының құрылысы бітеді. Қосымша 100 мың километр су күнделікті берілетін болады. Қазір 25 000 текше метр су жетіспейді. Ол дефицитті жауып, қосымша 75-80 текше метр су берілгелі жатыр. Ол да 2023-24 жылдары жүзеге асырылмақ. Су бойынша үлкен нысанның құрылысы жазда аяқталады. Тамыз айына дейін суды толығымен береміз. Түнгі уақытта суды шектеу болмайды. Биыл толық қысыммен су беріледі»,-деді Жеңіс Қасымбек.   

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу