Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

26 рет пышақтаған: Астанада күзетшіні өлтірген адамға үкім шықты

Қоғам
26 рет пышақтаған: Астанада күзетшіні өлтірген адамға үкім шықты

Астана қаласының соты жеке кәсіпорын күзетшісін өлтірген ер адамды 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қанды оқиға 24 қаңтарда қойма аумағында болған. Сот мәліметінше, күзетші кәсіпорын басшысының өтініші бойынша қойма аумағынан бөтен адамды шығарып салған. Сол кезде олардың арасында жанжал туындап, күдікті күзетшіні бет тұсынан ұрып, есінен тандырған. Жәбірленуші есін жиған соң, күдікті оны буындырмақ болып, кейіннен қолдан жасалған пышақпен кеуде және іш тұсына 26 рет пышақ сұққан. Күзетші оқиға орнында көз жұмған.

Сот айыпталушыны ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімі 2-тармағы бойынша — қызметтік міндетін атқару кезінде адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар, сот шешімімен марқұмның отбасына 8 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.
Фото: freepik.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу