freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

27 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Экология
27 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Фото: www.istockphoto.com

Синоптиктер 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің кейбір аймағында жауын жауып, дауыл тұратынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше,  дүйсенбі күні елдің шығысында, түнде солтүстігінде және орталығында, күндіз батысында және оңтүстік-шығысында ауа райы құбылмалы болады.

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі. Батыс пен оңтүстік-шығыста бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін",- делінген ақпаратта.

Қазақстанның қалған аумақтарында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі және тұман күтіледі, ал оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу