Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

29 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Экология
29 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com

Қазгидромет 29 қаңтарда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында және орталығында көктайғақ, тұман түседі. Батыста, оңтүстікте, облыс орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ақтауда түнде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с жетеді.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Атырау облысының батысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман болады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі.

Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Қонаевта түнде және таңертең тұман түседі.

Алматыда түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Павлодарда тұман болады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Қарағандыда да кей уақыттарда тұман болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Жезқазғанда кей уақыттарда тұман болады.

Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, күндіз таулы және тау бөктерлі аудандарында қар жауады. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с.

Таразда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде аздаған қар, көктайғақ болады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман, жаяу бұрқасын жүреді. Қызылордада түнде көктайғақ болады. Кей уақытта тұман түседі.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Түркістанда түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда көктайғақ, тұман болады.
Шымкентте кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.

Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман түседі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу