«Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы 3 мамырда Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Malim.kz.
Елдің көп өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ пен екпінді жел күтіледі. Тек солтүстік пен шығыста антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы ықтимал.
Түнгі уақытта Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының батысында 1–2 градус үсік жүруі мүмкін.
Сонымен қатар бірқатар өңірлерде жоғары және өте жоғары өрт қаупі сақталады:
Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының жекелеген аумақтарында — жоғары өрт қаупі;
Жетісу облысының оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде — өте жоғары өрт қаупі.