Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

30-31 желтоқсанда ауа-райы қандай болатыны белгілі болды

Экология
30-31 желтоқсанда ауа-райы қандай болатыны белгілі болды
Фото: istockphoto.com

Қазгидромет синоптиктері 30, 31 желтоқсан және 1 қаңтарға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Салқын антициклон Қазақстан аумағын тастап, оңтүстіктен келетін жылы циклонға жол береді. Осыған байланысты кейбір өңірлерде жауын-шашын болып, ауа температурасының көтеріледі.

Синоптиктердің мәліметінше, 30-31 желтоқсанда Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында қар және боран күтіледі. Ұлытау облысында жауын алдымен жаңбыр болып, кейін қарға ауысуы мүмкін.

Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашын көбіне жаңбыр түрінде өтеді. Жалпы республика бойынша жолдарға мұз қатып, тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі.

Ауа температурасы да өзгереді. 30 желтоқсанда елдің солтүстігі мен орталығында, ал 30-31 желтоқсанда шығысында күндізгі температура -2°…+3°С дейін көтеріледі. Республика оңтүстігінде осы күндері ауа +5…+15°С дейін жылынады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу