Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

30 жастағы мұғалім жұмысбастылықтан көз жұмды

Әлем
30 жастағы мұғалім жұмысбастылықтан көз жұмды

Қытайда 30 жастағы мұғалім жұмысбастылықтан көз жұмды, - деп хабарлайды malim.kz тілшісі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап. 

Қытайдың Ухань қаласында бастауыш және орта мектеп оқушыларына ағылшын тілі мен математика пәнінен қосымша курс өткізетін орталықта жұмыс істеген жас мұғалім жүрек талмасынан қайтыс болды. Ол кейінгі бес жылда сол компанияда қызмет атқарған. Алайда шамадан тыс жұмыс – 400 оқушыға бір өзі сабақ беру – денсаулығына ауыр соққы болып тиді.

Оның жоғалып кеткенін алғаш болып қалыңдығы байқаған. Жігітіне бірнеше рет хабарласқанымен, байланыса алмаған. Таңертең мұғалімді кабинетінде ес-түссіз күйде тапқан. Дәрігерлер оның жүрегі кенеттен тоқтап қалғанын растады.

Қазір марқұмның туыстары бұл өлімнің еңбек жағдайымен тікелей байланысты екенін дәлелдеу үшін құжаттар жинап жатыр.

Фото: Shutterstock.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу