freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

34 жастағы ер адам тіс дәрігеріне барамын деп аяғы мен қолынан айрылды (ФОТО)

Әлем
34 жастағы ер адам тіс дәрігеріне барамын деп аяғы мен қолынан айрылды (ФОТО)
ашық дереккөзден

АҚШ-тың Техас штатында тұратын 34 жастағы Дэвон Вантерпул стоматологқа қаралғаннан кейін асқынып кеткен сепсис салдарынан екі аяғы мен екі қолынан айырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

People басылымының жазуынша, 29 желтоқсанда ол қызыл иегі қабынған күйде тексерілуге барған. Дәрігер қызыл иегіне тиген сәтте қан кеткен. Сарапшылардың болжамынша, дәл осы кезде зиянды бактериялар қанға түскен болуы мүмкін. Шамамен 45 минуттан кейін ер адамның жағдайы күрт нашарлап, қалтырап, өзін жайсыз сезіне бастаған.

Кейін Вантерпул ауруханаға жеткізілді, алайда оның жағдайы одан әрі ауырлай түсті. Дәрігерлер сепсис диагнозын қойды. Артынша жүрегі тоқтап, оны жасанды тыныс алу аппаратына қосуға тура келген.

Бұдан кейін ер адамда найзағай тәрізді пурпура (ұсақ қан тамырларының тромбозы) дамып, бұл тіндердің жансыздануына әкелген.

Дәрігерлер өлі тіндерді алып тастауға тырысқанымен, бұл тағы бір септикалық шокқа себеп болған. Науқастың өмірін сақтап қалу үшін радикалды шешім қабылданып, оның оң аяғы мен оң қолының білегі, сондай-ақ сол аяғы тізеден төмен және сол қолының бір бөлігі ампутацияланған.

Бұған дейін Ресейдің Краснодар қаласында 29 жастағы ер адам бәске бола бір бөтелке арақты түгел ішіп, қайтыс болғанын жазған едік.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу