freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

4 мамырда еліміздің барлық өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі

Қоғам
4 мамырда еліміздің барлық өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі
Фото: freepik.com

«Қазгидромет» 2026 жылғы 4 мамырға арналған штормдық ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның барлық аумағында қолайсыз метеожағдайлар күтіледі.

Еліміздің көптеген өңірлерінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел болжанып отыр. Желдің екпіні кей жерлерде 15–25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Алматы, Шымкент, Түркістан, Жамбыл және бірқатар оңтүстік өңірлерде нөсер жаңбыр мен найзағай күтіледі. Таулы аймақтарда жауын-шашынның күшеюі, бұршақ және қар аралас жауын ықтимал.

Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде де жауын-шашынмен бірге желдің күшеюі, тұман және түнгі уақытта үсік болуы мүмкін. Кейбір облыстарда өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Мамандар тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу