freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

5 тамызға ауа райы болжамы жарияланды

Экология
5 тамызға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com

Қазгидромет 5 тамыз, сәрсенбі күніне арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің еліміздің аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарына қатысты болжамына сәйкес еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 

Солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерде нөсер жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.

Елдің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика аумағында жел күшейеді, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы ықтимал.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі сақталады.

Болжамға сәйкес, күндіз Атырау облысында ауа температурасы +35...+37°С-қа дейін, Маңғыстау облысында +38...+40°С-қа дейін, Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде +35°С-қа дейін көтеріледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу