Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

50 жеке тұрғын үй өрттен аман қалды

Қоғам
50 жеке тұрғын үй өрттен аман қалды

Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ  ауылында қамыс пен құрғақ шөптің өрті толығымен сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы шамамен 7 га. құрады, деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында оттың тұрғын үйлерге таралуына жол берілмеді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 50 жеке тұрғын үй өрттен аман қалды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы өрт ошақтарына 12 рет шамамен 36 тонна су төкті. Бұл өртті қысқа мерзімде оқшаулауға және оның қарқындылығын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді.

Өртті сөндіруге шамамен 40 қызметкер және 9 бірлік техника, сондай-ақ ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды.

Фото: ТЖМ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу