Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

34 адамның 52 млн ақшасын қалтаға басқан турагенттік басшысы ұсталды

Қоғам
34 адамның 52 млн ақшасын қалтаға басқан турагенттік басшысы ұсталды

Қарағанды қаласында туристік агенттіктің иесі 30-дан астам адамды алдап, ақшасын қалтаға басқан, көп кешікпей кәсіпкер ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz жазды. 


Қарағандыда 53 жастағы азаматша полицияға арызданды. Ол туристік агенттік иесінің алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болғанын мәлімдеді. Әйел көптен күткен демалысын ұйымдастыру үшін турагентке 900 мың теңге берген, алайда уәде етілген сапар жүзеге аспай қалған, — делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында бұл агенттікке қатысты осындай тағы бірнеше шағым тіркелгені анықталды. Қазіргі уақытта полицияға осы туристік агенттіктің қызметіне шағымданған тағы 34 азаматтың өтініші түскен.

Күдікті өз әрекетін валюта бағамының күрт өсуімен және соның салдарынан туындаған қаржылық қиындықтармен түсіндірген. Тергеу мәліметінше, жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық залал шамамен 52 миллион теңге. Тергеудің объективті әрі жан-жақты жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында күдікті уақытша қамауға алынды.

Фото: Malim.kz 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу