freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

8 наурызда Қазақстанның барлық өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі

Қоғам
8 наурызда Қазақстанның барлық өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі
Фото: freepik.com

8 наурызда Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және елдің барлық өңірінде қолайсыз ауа райы болады, деп хабарлайды Malim.kz.

Көптеген облыста жауын-шашын (жаңбыр мен қар), боран, көктайғақ және тұман күтіледі. Кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауып, жолдар тайғақ болуы мүмкін.

Солтүстік және орталық аймақтарда қар, төменгі боран және көктайғақ болжанып отыр. Желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15–20 метрге дейін жетеді.

Оңтүстік және батыс өңірлерде тұман түсіп, кей таулы аймақтарда жаңбыр мен найзағай болуы ықтимал.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын сақтауды ескертті

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу