Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

83 жастағы ер адам әйелмен көңіл қосамын деп ауру жұқтырды: оқиға соңы сотпен аяқталды

Әлем
83 жастағы ер адам әйелмен көңіл қосамын деп ауру жұқтырды: оқиға соңы сотпен аяқталды
ашық дереккөзден

Беларусьтің Светлогорск қаласынан Житкович ауданына көшіп барған 36 жастағы әйел 83 жастағы қарияның тағдырын мүлде өзгертіп жіберген оқиғаның басты тұлғасына айналды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әйел алғашында 61 жастағы жұмыссыз ер адаммен бірге тұра бастаған. Сол үйге оның 83 жастағы ағасы жиі келіп жүрген. Бір күні үшеуі ішімдік ішіп отырған кезде, үй иесі ұйықтап қалған сәтте әйел мен қария арасында жақын қатынас болған. Кейіннен әйел екі ағайындымен де қарым-қатынасын жалғастырыпты.

Уақыт өте келе 83 жастағы ер адамның денсаулығы күрт нашарлап, дәрігерлер оған АИТВ диагнозын қойған. Тексеру барысында вирус дәл сол әйелден жұққан болуы мүмкін екені анықталған. Себебі әйел өзінің диагнозын 2002 жылдан бері білгенімен, серіктестеріне бұл туралы айтпаған және ешқандай сақтық шараларын қолданбаған.

Алайда ең таңғаларлығы – екі ағайынды да әйелге қарсы шағым түсірмеген. Керісінше, кешірім беріп, онымен қарым-қатынасты жалғастыра берген.

Сот әйелдің әрекетін қасақана жасалған құқық бұзушылық деп тауып, оған үш жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу