Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

8,4 миллион қазақстандық спортпен тұрақты түрде шұғылданады

Спорт
8,4 миллион қазақстандық спортпен тұрақты түрде шұғылданады

Қазіргі дерекке жүгінер болсақ, елімізде 8,4 миллион азамат тұрақты, дағдылы түрде спортпен шұғылданып келеді. Туризм және спортқа жауапты ведомство басшысы Ербол Мырзабосынов осындай  статистика келтірді.

Жоспар бойынша, төрт жыл ішінде, яғни 2029 жылға қарай дене шынықтыруды серік еткендер өсімі 50%-ға жетуге тиіс. Осы мақсатта республика аумағында жыл сайын 25 000-нан аса бұқаралық сайыстар мен түрлі шаралар ұйымдастырылуда. 2026  жылға дейін жетпіс шақты спорт нысанын қолданысқа беру көзделіп отыр.

Биылғы жылдың тағы бір ақжолтай жаңалығы – 70-ке тарта спорттың түрі жоғары жетістіктер спортының санатына кіріктірілді. Нақты тізім шығарылды. Енді олимпиадалық, сурдлимпиадалық, паралимпиадалық, ауқымды пара ойындар, ұлттық спорт түрлеріне ерекше басымдық беріледі. Оларға тиісті қаражат мемлекет қорынан беріліп, отандық спортшылардың шетелдердегі бәсекелерде, біліктілікті шыңдайтын жобаларға қатысуына, олимпиада ойындарында бақ сынауына және өзге де мақсаттарға жұмсалмақ. Тізім әр жылы өзгертіліп, жаңғыртылып отыратынын айта кеткен абзал.

Мұндай игілікті істер, байыпты бастамалар аталған саланы жүйелендіруге бағытталған «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң жобасының айтарлықтай нәтижесі. Негізгі құжатқа халық қалаулылары, сарапшы мамандар, спорт төңірегінде жүрген азаматтар үн қосып, қабылдануына оң әсер еткен.

Тағы бір атап айтар жаңалық – ұлттық спорт түрлері олимпиадалық сайыс санатымен теңестірілді.

Фото: gov.kz  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу