Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Malim.kz.
81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен спортшы финалда Өзбекстан өкілі Арслонбек Тожиевті жеңіп, алтын медаль иеленді.
Бұл – Абылайхан Жұбаназардың Grand Slam сериясындағы алғашқы чемпиондығы. Бұған дейін ол аталған жарыстарда үш рет жүлдеге іліккенімен, алтын медальға қол жеткізе алмаған еді.