Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Абылайхан Жұбаназар Ташкенттегі Grand Slam турнирінде жүлде алды

Спорт
Абылайхан Жұбаназар Ташкенттегі  Grand Slam турнирінде жүлде алды

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан халықаралық Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан құрамасының спортшысы 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды.
Қола үшін өткен белдесуде Жұбаназар жапондық Сотаро Фудживароны жеңді.

Абылайхан былтыр дәл осы Ташкенттегі турнирді  5-орынмен аяқаған.

Абылайханның бұл Гран Слэм турнирлерінде алған бесінші жүлдесі. Бұған дейін ол 1 күміс, 3 қола алған болатын. 

Фото: olympic.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу