Ақберен Елгезек: Мағауин елден талақ үшін емес, қазақ үшін кетті...

Malim Админ

  • 14.01.2025

Ақын Ақберен Елгезек Мұхамеджан Тазабектің Мағауин туралы жазбасына жауап беріп, кемеңгер жазушының «елден Қазақ үшін, қазақтың шашылып жатқан тарихын жүйелеп беру үшін» кеткенін айтты. Бұл ойын әлеуметтік желіде білдірген, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша Мағауин «еліне өкпелейтіндей ақымақ адам» емес. Ол шетелге халқына өкпелеп кеткен жоқ.

Өз ұлтының руханиятына ғұмырын бағыштаған екен, онда ол ойыншық бермедің деп өкпелейтін қырсық бала сияқты бұртиып, өз туған еліне беталбаты ренжіп кетпейді. Оның үстіне сабалса да еліне ренжімей, қарымта аламыз дегендерді сабырмен тоқтатқан, өзінің идеалы болған Абайдың оқиғасын Мағауин жақсы біледі, дейді А.Елгезек.

Ол, сондай-ақ, «Мағауин қазақтың құрметінің арқасында Мағауин болды» деп санайды. Қазақ болмаса, Мағауин ешкімге керек емес деген ойын айтады. Сондықтан «Мағауин қазаққа ренжіп кетті», «қазақты Мағауин «талақ» етіп кетті» деген әңгіме мүлде жөнсіз сөз деген ойын айтады. 

Бұдан соң ол Мағауин неге шетелге кетті деген сұраққа өз жауабын ұсынды. А.Елгезектің ойынша, Мағауин елден қазақ үшін кеткен.

Мағауиннің алдында ұлы мақсат тұрды, оны ол орындау керек болды. Егер ол елде қалып, бітпейтін шаралар, тойлар, өлім-жітім, астар, дау-шарлар, қонаққа бару, биліктің қолқалауымен амалсыз бірдеңелерді жазу сияқты қыртқан тірліктен көз ашпайтын еді. Әрі денсаулығы тез нашарлап, тіпті қажитын еді. Олай болса, қазір 4 том «Шыңғысхан» да жоқ, «Жармақ» та жоқ, «Алтын орда» да жоқ, бірнеше том әртүрлі әңгімелер, естеліктер т.б. енді ұлттың қазынасы боп қалған еңбектер де қазақтың сөресінде тұрмаушы еді. Мағауин – елден Қазақ үшін кетті, қазақтың шашылып жатқан тарихын жүйелеп беруге кетті. Біреуден бірдеңе сұрады ма, мемлекетке осыны істеп жатырмын деп міндетсіді ме?! Жоқ! Талай қазақ не істерін білмей, ақшасын қайда шашарын білмей біресе елден кетіп, біресе қайтып кеп, бұлталақтап жүргенде, Мағауин далиып жағажадайда жатқан жоқ, керісінше ешкімді танымайтын елде тас үйге кіріп алып, талмай жұмыс істеді, дейді жазба авторы. 

Ақберен Елгезек елден кеткен адамның телефоны да, құлағы да тыныш болатынын айтып, ойын түйіндеген.

 

Байланысты жаналықтар

Ақырзаманның алғашқы күні

03.03.2025

Ақберен Елгезек: «Болмаған балалық шақта» жазылмаған кейбір оқиғалар фильмге енді

24.02.2025

Ақын Ақберен Елгезек өлеңдері

23.02.2025

«Қазақты құрту»: Мұхтар Мағауин соңғы сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев туралы не айтты

03.02.2025

Журналист Мағауинмен болған сұқбаттың жалғасын 1 жылдан кейін жариялады

14.01.2025

Мұхтар Шаханов Мағауиннің қазасына байланысты көңіл білдірді

13.01.2025
MalimBlocks
Ақырзаманның алғашқы күні

Жуырда қайтыс болған қас суреткер Мұхтар Мағауиннің Соңғы жазбасы. Ол Дональд Трамптың Президент болып сайлануы туралы өз пікірін білдірген.

Ақберен Елгезек: «Болмаған балалық шақта» жазылмаған кейбір оқиғалар фильмге енді

Басында фильмге мені түсіретін болды

Ақын Ақберен Елгезек өлеңдері

«Қазақты құрту»: Мұхтар Мағауин соңғы сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев туралы не айтты

Мұхтар Мағауин тұңғыш президент жүргізген саясатты сынаған.

Журналист Мағауинмен болған сұқбаттың жалғасын 1 жылдан кейін жариялады

Мұхтар Шаханов Мағауиннің қазасына байланысты көңіл білдірді