Мұхамеджан Тазабек: Мағауин бізге талақ айтып, қайырылмай кетті...

"Ол біздің мақтау түгілі жоқтауымызды керек қылмай, мұхиттың арғы жағында мәңгілікке маңдай тіреді" деді ол.

Malim Админ

  • 13.01.2025

Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек белгілі жазушы, ғалым Мұхтар Мағауиннің қазасына байланысты әлеуметтік желіде жазба жариялады. Оның пікіріне оқырмандар екіұшты пікір қалдырып жатыр.


«Мағауиннің қазасы нені ұқтырды…» деген шағын жазбасында ол қаламгердің ұлы болып қалатынын айтқан. Оның пікірінше, «ғалым да, залым да, зиялы да, зиянды да» тарихта ұлы болып қалады. Мұндағы басты дүние – принципінен, мақсатынан тайқымауында.

Біздің жақсы болсақ та, жаман болсақ та ұсақ болуымыздың, көп нәрсе тындыра алмауымыздың ең үлкен себебі – мақсатымыз айқын емес, принциптерімізден де сәт сайын тайқып кетуімізде…

Мағауин атамыз кеше де, бүгін де мақсатын белгілеп алған соң принципінен бір тайған жоқ. Біз де сондай болсақ, біраз жерге барар едік.

Бұдан кейін Мұхамеджан Тазабек Мағауин «қазіргі қазақтан бас тартты, бізге үш талақ айтып, қайырылмай кетті...», дейді. «Біз үшін жазған жоқ, өзі үшін жазды. Бізден қашты...» деп жазады М.Тазабек.

...Атамыз өз шындығымен өмір сүрді. Жастау кезінде қазақты сүйген шығар. Кейін бізден бас тарты. Біразымыздан жиіркенді. Қазақтың жазушысы емес, әлемнің ойшылы екенін түсінді. Қазақтың ұлысы емес, адамзаттың ірісі екеніне сенді.

Ақырында бізге үш талақ айтып, қайырылмай кетті…Себебі, ол бізден басын алып қашты, көбімізді менсінбеді, біразымыздан құсқысы келді. Шындығы сол. 

Мықтылар бізбен бірге болмақ түгілі, бір зиратта жатқысы келмей жатырқауда. Ойланатын, толғанатын жағдай бұл, беу, тойшыл, сауықшыл, сөзуар қазақ…!

Үшінші түйінінде жазба авторы «Мағауин тұлғасы – қазіргі көп қазақтың аңсаған моделі...» деген байлам айтқан. Автор мұнымен не айтқысы келгенін толық ашпаған. «Қазіргі көп қазақ жат жерде жан тапсырып, сонда жерленуге де кетары емес», дейді М. Тазабек.

Мағауин атамыз АҚШ қа жерленуімен не ұқтырғысы келді екен?!

Туған жер, Атамекен деген ұғымдар кеңейіп, басқа мазмұн ала бастады ма? Әлде, қу дүниенің құбыласы батыс боп, “аман қалам десең алаңдайтын бағытың осы жақ болсын” деген атамыздың ишарасы ма екен?!

Бәлкім, тұғырынан алыстап, туғанынан жырақтап, бас қамын артық қойған тойымсыз нәпсінің жазасы ма?!

... Біз Мағауинды мақтаумен әуре боп жатырмыз, ал, ол біздің мақтау түгілі жоқтауымызды керек қылмай, мұхиттың арғы жағында мәңгілікке маңдай тіреді,- деп түйіндеді ол. 

Фото: magauin.com   

Байланысты жаналықтар

«Қазақты құрту»: Мұхтар Мағауин соңғы сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев туралы не айтты

03.02.2025

Мұхтар Мағауиннің модернистік эстетикасы

24.01.2025

Журналист Мағауинмен болған сұқбаттың жалғасын 1 жылдан кейін жариялады

14.01.2025

Ақберен Елгезек: Мағауин елден талақ үшін емес, қазақ үшін кетті...

14.01.2025

Мұхтар Шаханов Мағауиннің қазасына байланысты көңіл білдірді

13.01.2025

«Келіспеген кездеріміз болды, онда тұрған ештеңе жоқ». Дулат Исабеков Мағауиннің отбасына көңіл айтты

13.01.2025
MalimBlocks
«Қазақты құрту»: Мұхтар Мағауин соңғы сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев туралы не айтты

Мұхтар Мағауин тұңғыш президент жүргізген саясатты сынаған.

Мұхтар Мағауиннің модернистік эстетикасы

«Жармақ» – бүгінгі қазақ әдебиетінің интеллектуалдық дамуының көрсеткіші

Журналист Мағауинмен болған сұқбаттың жалғасын 1 жылдан кейін жариялады

Ақберен Елгезек: Мағауин елден талақ үшін емес, қазақ үшін кетті...

Мұхтар Шаханов Мағауиннің қазасына байланысты көңіл білдірді

«Келіспеген кездеріміз болды, онда тұрған ештеңе жоқ». Дулат Исабеков Мағауиннің отбасына көңіл айтты