freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әйел бұрынғы күйеуінің жинағын біле алмаған: мәселе Конституциялық Сотқа жетті

Қоғам
Әйел бұрынғы күйеуінің жинағын біле алмаған: мәселе Конституциялық Сотқа жетті
Фото: gov.kz

Конституциялық Сот ерлі-зайыптылардың банк құпиясына қол жеткізу мәселесін қарайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өйткені, Конституциялық сотқа жүгінген азаматша бұрынғы күйеуінің неке кезінде «жиған-терген» ақшасы туралы ақпарат ала алмаған, сәйкесінше, ажырасқаннан кейін өзіне тиесілі ақша мен мүліктен айырылып қалған.

Енді осы әйелдің өтініші негізінде Конституциялық Сот «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 50-бабы 4-тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексереді.

Айта кетейік, бұл заңға сай қазір банк құпиясына жататын мәліметтер тек клиенттің өзіне немесе шот (мүлік) иесінің келісімімен үшінші тұлғаға ғана беріледі.

«Неке бұзылғаннан кейін ортақ мүлікті бөлу туралы талап-арыз дайындау барысында өтініш беруші бұрынғы жұбайының неке кезеңінде жинақтаған ақшасы туралы мәлімет ала алмаған. Осыған байланысты ол екінші деңгейдегі банктерге қатысты тиісті ақпаратты ұсыну міндетін жүктеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінген. Алайда сот талаптарды қанағаттандырудан бас тартқан», - деп жазады Конституциялық сот.

Конституциялық Соттың осы іске қатысты қорытынды шешімі Соттың ресми сайтында, сондай-ақ «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу