Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Әйел екенімді сезіндім». Айгүл Иманбаева қыз-келіншектерге кеңес айтты

Шоу-бизнес
«Әйел екенімді сезіндім». Айгүл Иманбаева қыз-келіншектерге кеңес айтты

Жақында ғана екінші рет тұрмысқа шыққан 47 жастағы қазақстандық актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева қыз-келіншектерге кеңес берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесінің сөзіне қарағанда, ол енді ғана өзінің жаны нәзік әйел екенін сезінгенін алға тартты.

Осы жасыма келгенде ғана өзімнің затым әйел екенін, нәзік жанды екенімді сезіндім. Күйеуім екеуміздің бір оқиғамызды айтып берейін. Бірде Лос-Анджелесте үйден шығып, тамақ алайық деп дүкенге бардық. Ол жерден көп азық-түлік алып, көліктің артына тиеп үйге келеміз. Сосын артындағы барлық затты қолыма алып, үйге кірейін деп жатсам күйеуім: «Неге мына ауыр заттың барлығын көтеріп жүрсің? Бұл сенің жұмысың ба? Бұл менің жұмысым. Сенің жұмысың – маған энергия беру, маған еркелеу, күн сияқты жарқырап, жайнап, қасымда нәзік күйіңде жүру» деп айтқаны бар. Сол кезде бірінші рет өзім де ойланып қалдым. Нәзік жанды әйел екенімді ұқтым. Өмірімде бірінше рет күйеуімнің иығына басымды қойып, ерекелей алдым. Қыздар, күйеулеріңізге еркелей беріңіздер. Еркелесе ғана Есілдің мұзын ерітуге болады, - деді Иманбаева.

Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу