freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Әкелері нәпақа табуға кеткен": Ақтөбеде анасы мен үш баласының мәйіттері үйлерінен табылды

Қоғам
"Әкелері нәпақа табуға кеткен": Ақтөбеде анасы мен үш баласының мәйіттері үйлерінен табылды
Аlmaty.tv

Ақтөбе қаласында адам шошырлық қайғылы жағдай болды. Жеке тұрғын үйлердің бірінен жас әйел мен оның үш баласының мәйіті табылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Almaty.tv жазуынша, марқұмдар жалдамалы үйде тұрған. Қайғылы сәтте анасы 11, 6 және 3 жастағы балаларының қасында болған, ал отбасының отағасы күнкөріс қамымен басқа жаққа кеткені белгілі.

Алаңдаушылықты алғаш болып үлкен қыздың сынып жетекшісі білдірген. Мұғалімнің айтуынша, оқушы бір апта бойы сабаққа келмеген. Соңғы рет өткен дүйсенбіде байланысқа шыққаннан кейін, ұстаздар баланың жағдайын білу үшін бірнеше рет үйіне барған, алайда ешкім есік ашпаған. Бүгін ғана үйден қайғылы көрініс анықталды.

"Бүгін тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымыз тағы да барды. Уақытша баспананың иесінен көмек сұрап, терезе арқылы кірген. Сол кезде мәйіттер табылды", – деді мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнагүл Тастемирова.

Педагогтардың мәліметінше, бұл отбасы әлеуметтік тұрғыдан осал санатта болған. Анасының ішімдікке салынғаны да айтылды. Қайтыс болған уақыт нақты анықталған жоқ.

Алдын ала болжам бойынша, өлімге табиғи газдан улану себеп болуы мүмкін. Газдың таралуы жабдықтарды дұрыс пайдаланбаудан орын алған деген нұсқа қарастырылуда.

"Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу және процессуалдық әрекеттер жүргізілуде", – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Асет Қалиев.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу