Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әкім Әбдіқалықова сенаторды мақтады

Сұқбат
Әкім Әбдіқалықова сенаторды мақтады

Бүгін Қызылорда облысының басшысы Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА  ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал ӘЛНАЗАРОВАНЫ  қабылдады.

Жуырда ғана 102 мәслихат депутатының дауысына ие болған Ақмарал ШӘРІПБАЙҚЫЗЫН облыс әкімі жеңісімен құттықтады.

«Мемлекет үшін, Тәуелсіз Қазақстан үшін аянбай жемісті еңбек етіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесіңізді Сыр өңірі жұрты жақсы біледі және мақтан тұтады. Сізді Сыр халқының атынан Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты атануыңызбен тағы да құттықтай отырып, мемлекет мүддесі жолындағы еңбегіңізге толағай табыс, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін»,- деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Ақмарал ШӘРІПБАЙҚЫ Қызылорда облысындағы «Nur Otan» партиясының белді мүшесі. Билік партиясының өңірдегі филиалының басшылығында, түрлі басқармаларды да басқарған. 12 тамыз күні өткен сенат сайлауында 77,86 пайыз дауыспен парламенттің жоғарғы палатасына сайланды. Айтпақшы, мамандығы дәрігер Ақмарал Әлназарова бір кездері облыс басшысы Қырымбек КӨШЕРБАЕВТЫҢ орынбасары болып та қызмет еткен.

Фото: facebook.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу