Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Актер Тәуекел Мүслім гендер-патиді АҚШ-та жасады

Шоу-бизнес
Актер Тәуекел Мүслім гендер-патиді АҚШ-та жасады

Танымал қазақстандық актер Тәуекел Мүслім Америкада гендер-пати өткізіп, үшінші сәбиінің жынысын анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Актер бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, гендер-патидің видеосын жариялады. 

Өнер иесінің айтуынша, үшінші сәбиі де ұл болатыны белгілі болыпты. 

"Аллаға сансыз шүкірлік болсын. Үш бар жерде күш бар, бізде үшінші батыр болады. Алақай!", - деп қуанышын бөлісті ол. 

Жақында отбасымен Лос-Анджелеске аттанған актер қызды болғысы келетінін жасырмады. Желі қолданушылары өнер иесін қуанышымен құттықтап, жақсы тілек жазып жатқанда актер әзілмен жауап берді. 

"Қыз болмағанша тоқтамаймыз (қалжың), сәл үзілістен кейін тағы ұмтылып көреміз", - деп жазды Тәуекел Мүслім. 

Еске салайық, Тәуекел Мүслім әйелі Махаббатпен бірге танымал тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында жақында үшінші сәбиі өмірге келетінін алғаш рет айтқан болатын. 

Фото: instagram.com/mahonti__/

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу