Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алакөлде адамды қайықпен қағып өлтірген күдікті қамауға алынды

Құқық
Алакөлде адамды қайықпен қағып өлтірген күдікті қамауға алынды

Қайғылы оқиға Абай облысында болды. Марқұм Алакөлге демалуға келген екен. 60 жастағы әйелді суға шомылып жүрген сәтінде моторлы қайық қағып кеткен, деп хабарлайды Malim.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Су көлігінің астында қалған зейнеткер ауыр жарақат алып, сол жерде көз жұмды. Полиция көлде жүру қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Алакөлде, жағадан шамамен 100 метр қашықта, катер су бетінде демалып жатқан әйелді қағып кеткен. Қайық жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиға орнын уәкілетті органдар тексеріп жатыр", - дейді Абай облысы ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Ержан Телжанов.

Фото: видеодан кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу