Алжирлік боксшы Иман Хелиф буллинг жасағандарды сотқа берді

Спортшының қорғаушысы «олар боксшының атына кір келтірді» деп айыптап отыр

Malim Админ

  • 15.08.2024

Париж Олимпиадасының бокстан чемпионы, алжирлік спортшы Иман Хелиф додадан соң кибербуллингке қатысты сотқа арыз берді. Бұл туралы 24 кз хабарлады.

Ол жазушы Джоан Роулинг, Х әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск және АҚШ-тың эк- президенті Дональд Трамптың үстінен шағым түсірген. Өйткені олар әлеуметтік желіде спортшының шаршы алаңдағы соққысынан кейін италиялық Анджела Каринидің сайыстан бас тартқанын жарыса жазып, Иман Хелифтің жынысына қатысты тақырыпты қызу талқылады. Осы себепті спортшының қорғаушысы «олар боксшының атына кір келтірді» деп айыптап отыр. Былтыр халықаралық бокс қауымдастығы Иман Хелифті жарысқа қатысу құқығынан айырған еді. Алайда Олимпиада комитеті оны қорғап, сайыста бақ сынауына рұқсат етті. Кейінірек спортшының өзі ресми куәлігінде жынысы әйел деп жазылғанын мәлімдеді. Айта кетейік, алжирлік былғары қолғап шебері  Париж олимпиадасында алтын алды.

 

Фото: Peter Cziborra / Reuters 
 

Байланысты жаналықтар

Трамп пен Путин Украина бойынша 2 сағаттан астам сөйлесті

19.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

Трамп: Украина Ыстамбұлдағы кездесуге бірден келісуі керек

11.05.2025

АҚШ Украинаға Patriot зымырандарын беретін болды

11.05.2025
MalimBlocks
Трамп пен Путин Украина бойынша 2 сағаттан астам сөйлесті

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

Трамп: Украина Ыстамбұлдағы кездесуге бірден келісуі керек

АҚШ Украинаға Patriot зымырандарын беретін болды

Америка «қорғаныс қызметтерін» 50 миллион доллар немесе одан да көп сомаға жеткізуге рұқсат берген