АҚШ "Азаттық радиосын" қаржыландыруды қайта бастады

Арман Қайыпхан

  • 27.03.2025

АҚШ-тың Жаһандық медиа агенттігі (USAGM) 15 наурыздағы "Азат Еуропа/Азаттық радиосына" (РСЕ/РС) грантты тоқтату туралы шешімін қайтарып алды. Бұл туралы 26 наурызда USAGM басшылығының аға кеңесшісі Кэри Лейктің хатында айтылған. Бұл оқиғаға "Новая газета Европа" назар аударды.

Құжатта алдыңғы шешімнің күші жойылғаны және гранттық келісім қайта күшіне енгені көрсетілген. Дегенмен, USAGM болашақта бұл грантты тоқтату құқығын сақтап қалады.

Осыған дейін "Азаттық радиосы" Вашингтондағы Федералды округтік соттың USAGM-ге қарсы берілген талап бойынша уақытша шектеу шарасын қолдағанын хабарлаған еді.

Судья Ройс Ламберт бұл шешім орындалған жағдайда РСЕ/РС "орны толмас шығынға" ұшырайтынын атап өтті.

"USAGM басшылығы бір ғана сөзбен, ешбір негізсіз, РСЕ/РС-ты жұмысын тоқтатуға мәжбүрлей алмайды, тіпті президент бұйрық берген күннің өзінде", – деді ол.

"Біз судья Ламберттің USAGM-нің Конгресс шешімін елемеуіне жол бермейтін, ойластырылған әрі нақты шешімін бағалаймыз. Конгресс қаржы бөлген қаражатты беруден бас тарту – Конституцияға қайшы", – деді РСЕ/РС президенті әрі бас директоры Стивен Капус.

Фото: David W Cerny/REUTER

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

16.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

 

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады