Черногорияда атыстан соң елде үш күн аза тұту жарияланды

Ал қылмыскер өзін атып өлтірген

Мәди Саматұлы

  • 02.01.2025

Черногорияның Цетине қаласында атыс болып, кем дегенде 12 адам қаза тапты. Euronews жазуынша, елдің премьер-министрі Милойко Спаич үш күн аза тұту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ал жұртты қырып салған адам өз-өзіне қол жұмсап, бейсенбі күні қайтыс болған.

Атысқа мейрамханадағы төбелес себеп болған.

Сәрсенбі күні Черногорияның батысындағы мейрамхана маңында төбелеске жалғасқан атыс кезінде кем дегенде 12 адам, оның ішінде екі бала, қаза тауып, тағы 4 адам ауыр жарақат алған.

Полиция 45 жастағы Ако Мартиновичті қылмыскер деп таныды. Ол Цетине маңындағы мейрамхана иесін, оның балаларын және өз отбасын өлтірген.

Бейсенбіге қараған түні атыс жасаушы өз үйінің жанында полиция қоршауында болғанда, басына оқ атып, өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабар тарады.

Премьер-министр Милойко Спаич жарақат алғандарды ауруханаға барып, үш күндік аза тұту жариялады.

Фото: Risto Bozovic/Copyright 2025 The AP

Байланысты жаналықтар

Төрехан Сабырхан жастар арасында әлем чемпионы

03.11.2024

Испанияда үш күн аза тұту жарияланды

31.10.2024

"Оқ атты": Белгілі кәсіпкер Айбек Барысов үндеу жасады

23.10.2024

Талғарда атыс болды

11.10.2024

Түркістанда атыс болды (ВИДЕО)

29.09.2024

Алматыда ойын-сауық орындарының бірінде түнде атыс болды

22.09.2024
MalimBlocks
Төрехан Сабырхан жастар арасында әлем чемпионы

Одан бөлек, финалда тағы 7 спортшымыз бар

Испанияда үш күн аза тұту жарияланды

Нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 95 адамға жетті

"Оқ атты": Белгілі кәсіпкер Айбек Барысов үндеу жасады

Талғарда атыс болды

Полиция іс қозғалғанын мәлім етті

Түркістанда атыс болды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде бейнежазбасы жарияланды

Алматыда ойын-сауық орындарының бірінде түнде атыс болды

Полиция оларды іздестіріп жатыр