Чехия Ресей мұнайынан толықтай тәуелсіз болғанын жариялады

Арман Қайыпхан

  • 17.04.2025

Чехия үкіметі Ресейден мұнай импортына тәуелділіктің толық тоқтағанын ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы елдің премьер-министрі Петр Фиала 17 сәуір, бейсенбі күні жария етті, деп хабарлайды Malim.kz.

«Чех Республикасы алғаш рет тарихында Ресейден келмейтін мұнаймен толық қамтамасыз етіліп отыр», – деді ол.

Премьердің айтуынша, енді елге мұнай Каспий маңы елдерінен, Таяу Шығыстан және Солтүстік Африкадан жеткізіледі. Бұл шикізат Чехияға Трансальпі құбыры (TAL) және оның тармағы – IKL арқылы жеткізіледі. Құбыр инфрақұрылымын кеңейтуге шамамен 60 миллион еуро жұмсалған.

TAL құбыры Италияның Триест портынан бастап Оңтүстік Германияға дейін созылып жатыр, ал Германия аумағынан чех құбыры IKL-мен жалғасады. Бұл құбыр арқылы жылына сегіз миллион тоннаға дейін мұнай тасымалдауға болады, бұл Чехияның жылдық қажеттілігін толықтай өтейді, - дейді Фиала.

Бұдан бөлек, Чехия Ресейден табиғи газ сатып алуды да доғарған. Енді ел билігі жыл соңына дейін атом электр станцияларында ресейлік уранды пайдалануды да тоқтатуды жоспарлап отыр.

Соңғы 60 жыл бойы Чехия «Дружба» құбыры арқылы Ресей мұнайын тұтынып келген болатын. ЕО Ресей мұнайын импорттауға жаппай тыйым салғанымен, Чехия үшін «Дружба» арқылы жеткізуге уақытша рұқсат етілген еді, себебі баламалар аз болатын. Алайда биыл наурыз айының басында, TAL құбырының кеңейтілуінен кейін, «Дружба» арқылы жеткізілімдер тоқтатылды.

Фото: BERNADETT SZABO/REUTERS

Байланысты жаналықтар

Путиннің кеңесшісі: «КСРО ресми тараған жоқ»...

22.05.2025

Лавров: Ресей Украинадағы атысты тоқтатудан бас тартады

21.05.2025

Трамптың Украинадағы соғысқа қатысты жаңа ұстанымы: менің проблемам емес

21.05.2025

Еуроодақ Ресейге қарсы 130-дан астам санкциялық шара қабылдады

20.05.2025

Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

19.05.2025

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025
MalimBlocks
Путиннің кеңесшісі: «КСРО ресми тараған жоқ»...

Лавров: Ресей Украинадағы атысты тоқтатудан бас тартады

Трамптың Украинадағы соғысқа қатысты жаңа ұстанымы: менің проблемам емес

Еуроодақ Ресейге қарсы 130-дан астам санкциялық шара қабылдады

Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады