Грекияда алапат өрт. Бірнеше қала тұрғыны көшірілді

Ыстық пен құрғақ ауа райы өрттің жиілеп, күшейе түсуіне әкеліп отыр

Malim Админ

  • 12.08.2024

Грекияда орман өрттері өршіп, қатты желдің әсерінен тілсіз жау шарпынға аумақ көлемі ұлғая бастады. Дүйсенбіде өрт ел астанасы Афины қаласына жақындаған. Соның салдарынан билік қазірдің 11 қала мен ауыл тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіруге мәжбүр болды. Мамыр айынан бастап бүкіл елде жүздеген орман өрті тіркелді.

Жаз айларында өрт Грекия аумағында жиі болады. Бірақ ғалымдардың пікірінше, климаттың өзгеруіне байланысты шамадан тыс ыстық пен құрғақ ауа райы өрттің жиілеп, күшейе түсуіне әкеліп отыр. Елде еріктілердің қолдауымен 500 мыңнан астам өрт сөндіруші, 17 ұшақ және 15 тікұшақ жексенбі күні түстен кейін Афиныдан солтүстікке қарай 35 шақырым жердегі Барнаба маңында шыққан өртті сөндірді. Бүгін таңертең тілсіз жау оңтүстікке қарай бет алып, Грамматико ауылы, ежелгі марафон қаласы, теңіз жағалауындағы Неа Макри муниципалитеті және Афинының солтүстігіндегі Пентели тауын құрсауына алды. Қатты жел тілсіз жаудың таралуына әсер етіп, өрт сөндіру бригадасының өкілі "түнде жалғасқан жұмысқа қарамастан өрт тез таралып, Пентели тауына жетті" деп мәлімдеді. Өрт сөндіру ұшақтары түнде жұмысын тоқтатып, бүгін таңертең қайта бастады. Полиция тұрғындарды эвакуациялауға көмектесіп жатыр. Ал кейбір тұрғындар түнде өз үйлерінде болған. Ал Пентельде кем дегенде үш ауруханадағы науқастан қауіпсіз жерге көшірілген. Өрт сөндіру бригадасының қызметкері Вассилис Ватракогианнистің айтуынша, кеше жалын 25 метр биіктікке дейін жетіп, дауыл салдарынан "найзағай сияқты" тарай түскен. Қалың түтін жексенбі күні кешке Афина  аспанын жауып кетті. Бірнеше сағаттан кейін жалын қала орталығынан солтүстік-шығысқа қарай 23 шақырым жерде орналасқан Дионисос қаласының маңында және оған жақын аудандарға жетті. Премьер-министр Кириакос Мицотакис Афинаға еңбек демалысынан оралуға мәжбүр болды. Биыл ел тарихыдағы ең жылы қыс Грекияда болған. Ал жаңбыр жаумағандықтан, елде жаз аптап ыстыққа толы болды. Билік бейсенбіге дейін өрт қаупінің жоғарылағанын жариялады. Ал метеорологтар алда "өте қиын апта" күтіп тұрғанын ескертті. "Грекияның жартысы қызыл аймақта болады", - деді сенбіде климаттық дағдарыстар және азаматтық қорғаныс министрі Вассилис Кикилиас. Ауа температурасы Цельсий бойынша 40 градусқа жетеді деп күтіліп отыр.

Фото: ВВС Материал ВВС ақпараты негізі аударылып, дайындалды 

Байланысты жаналықтар

Атыраудағы өрттен 40 адам эвакуацияланды

15.09.2024

Абай облысында дүкен өртенді

15.09.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев: Орманды өрттен қорғау үшін ауқымды шара қабылданады

02.09.2024

Бір күнде елімізде шаруашылық ғимараттарында 7 өрт тіркелді

31.08.2024

Ақтөбеде 10 жастағы бала көлікте өртеніп кетті

28.08.2024

Семей орманында өрт шығып, тракторшы жазаланды

27.08.2024
MalimBlocks
Атыраудағы өрттен 40 адам эвакуацияланды

Көпқабатты үйде өрт шыққан

Абай облысында дүкен өртенді

Өрт 75 шаршы метр аумақты шарпыды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Орманды өрттен қорғау үшін ауқымды шара қабылданады

Бұл туралы президент 2-қыркүйекте өткен парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына Жолдауында атап өтті.

Бір күнде елімізде шаруашылық ғимараттарында 7 өрт тіркелді

Ешкім зардап шекпеген

Ақтөбеде 10 жастағы бала көлікте өртеніп кетті

«Ваз» автокөлігі өздігінен жанған

Семей орманында өрт шығып, тракторшы жазаланды

Ол енді өрт сөндіру шығынын төлеуі мүмкін