Грузия президенті сайлау нәтижесін мойындамай отыр

Жозеп Боррел мен Еурокомиссия Грузия билігін жедел, ашық және тәуелсіз тергеу жүргізуге шақырады

Мадина Қайнарова

  • 28.10.2024

Грузияның премьер-министрі Ираклий Кобахидзе оппозицияның дауыс беру нәтижелерін мойындаудан бас тартқанына қарамастан, ел Үкіметі жасақталатынын айтты. Жозеп Боррел мен Еурокомиссия Грузия билігін анықталған заң бұзушылықтар бойынша жедел, ашық және тәуелсіз тергеу жүргізуге шақырады.

Грузия Президенті демалыс күндері өткен парламенттік сайлаудың нәтижелерін мойындамайды, онда сайлау комиссиясының мәліметінше, «Грузин арманы» билеуші партиясы жеңіске жетті. Бұл туралы Саломе Зурабишвили жексенбіде Тбилисиде оппозиция жетекшілерімен бірге сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

Ол барлық наразы азаматты дүйсенбі күні кешке Руставели даңғылында жиналуға шақырды. Зурабишвили мұны «жаппай бұрмалаушылық, жаппай дауыс ұрлау» деп атап, оған наразылық білдірді.

- Ешкім Грузиядан еуропалық болашақты тартып ала алмайды, - деді Саломе Зурабишвили.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, барлық сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санағаннан кейін «Грузин арманы» басқарушы партиясы 53,93% дауыс жинады.

Бес пайыздық кедергіден төрт оппозициялық партия да өтті:

«Өзгерістер коалициясы» - 11,037% (229,006 дауыс);

«Бірлік - Ұлттық қозғалыс» - 10,164% (210 895 дауыс;

«Күшті Грузия» - 8,814% (182 891 дауыс);

«Гахария Грузия үшін» - 7,771% (161 250 дауыс).

Еуропалық дипломатияның басшысы Жозеп Боррел мен Еуропалық комиссия Грузиядағы парламенттік сайлау туралы бірлескен мәлімдеме жариялады. Онда «сайлау жалпы  тиісті деңгейде ұйымдастырылды және өткізілді, бірақ шиеленісті жағдайлар, дауыс беру құпиясының жиі бұзылуы және бірнеше процедуралық сәйкессіздіктер, сондай-ақ сайлаушыларды қорқыту мен қысым туралы хабарламалар болды, бұл қоғамдық сенімге теріс әсер етті» делінген.

 

- Осы жылдар ішінде олар ешқашан сайлау нәтижелерін, жеңілістерін лайықты түрде қабылдай алмады. Олар тоғызыншы рет жеңіліске ұшырады, - дейді ол.

Cонымен қатар ол «конституциялық құрылымға қарсы шығудың кез-келген әрекеті қолайсыз» екенін мәлімдеді.

Фото: Imago Images/ТАСС

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда Саакашвилидің жақын серігі ұсталды

19.03.2025

Михаил Кавелашвили Грузия парламентінде президенттік ант қабылдады

29.12.2024

Грузия Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауын өтті деп таныды

14.12.2024

Грузия президенті бүгінгі президент сайлауы нәтижесін мойындамайтынын мәлімдеді

14.12.2024

Грузияда полиция наразылық білдірушілерді күшпен таратып жатыр

04.12.2024

АҚШ Грузиямен стратегиялық серіктестікті тоқтатты

01.12.2024
MalimBlocks
Қазақстанда Саакашвилидің жақын серігі ұсталды

Қазақстанда танымал грузин саясаткері Леван Варшаломидзе ұсталды

Михаил Кавелашвили Грузия парламентінде президенттік ант қабылдады

Оның ант қабылдау рәсімі өте қарапайым өтті

Грузия Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауын өтті деп таныды

Сайлаушылар алқасының жартысынан астамы дауыс беруге қатысқан

Грузия президенті бүгінгі президент сайлауы нәтижесін мойындамайтынын мәлімдеді

Ал президент сайлауына жалғыз кандидат түсіп отыр

Грузияда полиция наразылық білдірушілерді күшпен таратып жатыр

Алты күн бойы наразылық шерулерінде 293 демонстрант әкімшілік қамауға алынды

АҚШ Грузиямен стратегиялық серіктестікті тоқтатты

Себебі, ЕО-мен келіссөзді тоқтатып, наразылықты күшпен басқанын айыптайды