Грузиядағы парламент сайлауында билік партиясы жеңіске жетті

Оппозициялық партиялар наразылық ұйымдастырмақ

Мәди Саматұлы

  • 27.10.2024

Елдің Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау учаскелерінің 99 пайызынан астам бюллетені саналғаннан кейін «Грузин арманы» 54 пайыздан астам дауыс жинағаны белгілі болған. Бұл туралы Euronews жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Сондай-ақ, ОСК деректері бойынша парламентке төрт оппозициялық партия өтіп отыр: «Өзгерістер үшін коалициясы» – 10,80 пайыз, «Бірлік – Ұлттық қозғалыс» – 10,09 пайыз, «Күшті Грузия» – 8,75 пайыз және «Гахария Грузия үшін» партиясы – 7,75 пайыз дауыс алған. Әйтсе де билеуші партияның Тбилисиде және басқа ірі қалаларда, сондай-ақ, шетелдегі сайлау учаскелерінде жеңіліс тапқаны хабарланды.

Оппозиция сайлау нәтижелеріне наразылық білдіріп, оларды бұрмалаушылық деп айыптады. Парламентке өткен төрт партияның үшеуі сайлау нәтижелерін мойындамайтынын мәлімдеп, жексенбіден бастап мерзімсіз наразылық акцияларын өткізетіндерін жариялады.

«Өзгерістер үшін коалициясының» көшбасшысы Ника Гварамия «Грузин арманы» партиясын конституциялық төңкеріс жасап, сайлауды ұрлады деп айыптап, бұрмалаушылықтың дәлелдерін жариялауға уәде берді. «Бірлік – Ұлттық қозғалыс» партиясының жетекшісі Тина Бокучава партияның «төтенше жағдай режиміне» көшетінін мәлімдеді.

«Гахария Грузия үшін» партиясы сайлау нәтижелерін мойындау туралы ресми мәлімдеме жасамағанымен, сайлау күнгі заңбұзушылықтар ресми мәліметтерге әсер еткенін атап өтті.

Елдің премьер-министрі Ираклий Кобахидзе оппозицияның сайлау нәтижелерін мойындамауын «өздерін ақтаудың үмітсіз әрекеті» деп атады.

Егер сайлау нәтижелері ресми түрде расталса, «Грузин арманы» партиясы 150 орындық парламентте абсолютті басымдыққа ие болады. Партияның негізін қалаушы, миллиардер Бидзина Иванишвили мен премьер-министр Кобахидзе Грузияның Еуропалық Одақпен қарым-қатынастарын қалпына келтіруге уәде беріп, елдің 2030 жылға дейін Еуропаға кіруі мүмкін екенін, бірақ бұл Грузияның өз шарттарымен болатынын айтты.

Бұл парламент сайлауы «тарихи және тағдырлы» деп айтылып жатыр. Өйткені, бұл сайлаудың нәтижесі елдің Еуропалық Одақпен болашақ интеграциясына немесе Мәскеуге жақындасуына нұсқау беруі мүмкін.

Фото: lrt.lt/AP nuotr

Байланысты жаналықтар

АҚШ антиизраильдік акцияларға қатысқан 300 студенттің визасын жойды

28.03.2025

Түркиядағы наразылықтарда 1900 адам ұсталды

27.03.2025

Қамауға алынған Ыстамбұл мэрі түрік халқына үндеу жолдады

23.03.2025

Украина билігі президент сайлауын өткізуге келісті

22.03.2025

Анкара мэрі қамауға алынған Экрем Имамоглуны "президент" деп, Түркиядағы наразылықтарға қосылды

21.03.2025

Түркияда Ыстамбұл мэрі ұсталғаннан кейінгі жаппай наразылық жалғасып жатыр

20.03.2025
MalimBlocks
АҚШ антиизраильдік акцияларға қатысқан 300 студенттің визасын жойды

Түркиядағы наразылықтарда 1900 адам ұсталды

Қамауға алынған Ыстамбұл мэрі түрік халқына үндеу жолдады

Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглу жақтастарын өз құқықтарын қорғауға және Түркияның қалаларында алаңдарға шығуға шақырды

Украина билігі президент сайлауын өткізуге келісті

Анкара мэрі қамауға алынған Экрем Имамоглуны "президент" деп, Түркиядағы наразылықтарға қосылды

Анкара мэрі Мансур Яваш Ыстамбұл мэриясы ғимаратының алдында өткен наразылық акцияларына қатысты

Түркияда Ыстамбұл мэрі ұсталғаннан кейінгі жаппай наразылық жалғасып жатыр