Израиль Газаға оқ жаудырып, 10 адам қаза тапты
Қаза тапқандар мен жараланғандар Хан-Юнустағы Насир ауруханасына жеткізілді

Израиль әскері Газа қаласының тұрғын аудандарын шабуылдауды жалғастырып жатыр. Бұл туралы Анадолы хабарлады.
Израиль әскері өз үйлерінен қуылған палестиналықтар паналаған шатырларға шабуыл жасап, салдарынан 10 адам қаза тапты, оның ішінде балалар да бар.
Куәгерлердің айтуынша, Израиль әскері палестиналық анклавтың оңтүстігінде орналасқан Хан-Юнус қаласындағы шатырларға шабуыл жасаған.
Қаза тапқандар мен жараланғандар Хан-Юнустағы Насир ауруханасына жеткізілді.
Израиль әскері 19 қаңтарда жарияланған бітім күшіне енгеннен кейін екі ай өткен соң, 18 наурыз таңертең Газаға қарсы қарқынды шабуылдарын қайта бастады.
Израиль әскерінің шабуылдарын қайта бастаған сәттен бері 1652 палестиналық қаза тауып, олардың басым көпшілігі — қарттар, әйелдер мен балалар, тағы 4391 адам жараланды.
2023 жылғы 7 қазанда Израильдің Газаға шабуылдары басталғалы бері палестиналықтар арасындағы қаза тапқандар саны 51 025 адамға жетіп, жараланғандар саны 116 432 адам.
Фото: Анадолы
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Бәрі сотталады: шетелдегі соғыстарға қанша қазақстандық қатысқан?
1 сәуірде желіде Украинаға қарсы соғысқа қатысқан 660-тан аса қазақстандықтың аты-жөні бар тізім пайда болды. ҚР ІІМ бұл ақпарат расталмағанын айтып, тексеруді талап ететінін мәлімдеді. Tengrinews.kz редакциясы бұл мәселе бойынша ашық деректерді зерттеген