457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Израиль Иранды қайта атқыламақ. Атысты тоқтату режимі бұзылды

Израиль билігі атысты тоқтату туралы келісімнің бұзылуына байланысты Иран нысандарына соққы беру туралы бұйрық шығарды. Бұл туралы dw.com хабарлады.

Израиль Қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) мәлімдемесіне сәйкес, атысты тоқтату туралы екіжақты келісім күшіне енгеннен бірнеше сағат өткен соң Иран аумағынан Израильге кемінде екі баллистикалық зымыран ұшырылған.

Екі зымыранды әуе қорғаныс жүйесі жойған. Ешкім зардап шекпеген, қираған ғимараттар жоқ.

Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац Тегеранның орталығындағы Иран режимінің нысандарына жойқын соққы беруді тапсырды, — делінген министрлік таратқан ресми хабарламада.

ЦАХАЛ Бас штабының бастығы Эяль Замир атысты тоқтату режимі бұзылған жағдайда армия әрекетке көшетінін растады.

Біз күш қолданамыз, — деді ол армия басшылығымен өткен жедел кеңесте. Кеңестің мазмұнын ЦАХАЛ баспасөз қызметі жария етті.

Израильдің солтүстігінде әуе дабылы іске қосылды, билік тұрғындарға арнайы нұсқау келмейінше, қауіпсіз жерде болуға кеңес берді.

Сонымен қатар, Иранның мемлекеттік ақпарат құралдары — ISNA агенттігі мен IRIB телерадиокорпорациясы Израильге зымыран жіберілгенін жоққа шығарып, Тель-Авивтің айыптауларын «негізсіз» деп атады.

Еске салайық, осы оқиғаға дейін бір тәуліктен аз уақыт бұрын Израиль АҚШ ұсынған атысты тоқтату келісіміне ресми түрде келіскенін растаған болатын. Ел билігі «Қайсар Арыстан» операциясы аясында ядролық және зымырандық қауіптердің жойылғанын мәлімдеген еді.

Сонымен қатар, ЦАХАЛ-дың хабарлауынша, атысты тоқтату режимі күшіне енбей тұрып, сейсенбі күні таңертең Иран аумағынан Израиль бағытына шамамен 20 баллистикалық зымыран атылған.

Олардың бірі Беэр-Шева қаласындағы тұрғын үйге түсіп, төрт адам мерт болған.

Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иран арасындағы атыстың толық тоқтағанын жариялаған болатын.

Фото: x.com / @idfonline