НАТО Латвия мен Литвадағы базаларын күшейте бастады

Екі елде жаңадан әскери базалар салынып жатыр

Арман Қайыпхан

  • 29.08.2024

Латвиядағы НАТО бригадасы Адажиде жаңа базаны ашты. Жалпы құны 7 млн долларды құраған базаны Канада мен Испания қаржыландырған. Литваның Рукла қаласында да жергілікті бригаданың инфрақұрылымы кеңейтіліп, жетілдіріліп жатыр. Ол 2026 жылы қолданысқа түседі. Бұл туралы Euronews.com жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәліметке қарағанда, Канада мен Испания қаржыландырған Адажи базасында броньды машиналар шоғырланады. Мұнда танктерге, бронетранспортерлерге және басқа да техникаларға қажетті техникалық қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар, қойма, шатырлар, қауіпсіздік периметрі және бетон жол салынады.

Литваның Рукла қаласында материалдық-техникалық қамтамасыз ету тұрақты пункті салынып жатыр. Бұл база одақтастардың әскери техникасына, соның ішінде танктерге қызмет көрсету үшін пайдаланылады, оны Германия қаржыландырады және НАТО агенттігі арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, өткен аптада Руднинкайда кампус құрылысы басталған. Онда Германия бригадасының көп бөлігі орналасады. Бірақ кейбір бөлімшесі, атап айтқанда жауынгерлік топ, инженерлік және барлау бөлімшелері Руклада орналаспақ. Мұнда қазір НАТО-ның жетілдірілген жауынгерлік тобының құрамында Германия сарбаздары қызмет етеді.

Фото: lrt.lt/ru

Байланысты жаналықтар

Ресей Украинаны жоя алмады. НАТО бұрынғыдан күшей түсті

25.09.2024

Нұргелді Әбдіғани: Әлем жаппай қарулануда, бізге де керек!

03.09.2024

Байден сайлауға қатысудан бас тартты

22.07.2024

НАТО саммиті: 75-ші басқосу Украина үшін не берді?

14.07.2024

Трампты жоққа шығарған Байден Зеленскийді Путинмен неліктен шатастырды

12.07.2024

Эстония үкіметі Украинаға әскер жіберуге ниетті екенін мәлімдеді

14.05.2024
MalimBlocks
Ресей Украинаны жоя алмады. НАТО бұрынғыдан күшей түсті

Ақырғы екі-үш күннен бері БҰҰ-да әлем басшылары бас қосуда. Сондағы айтылған бір сыпыра пікірлерге ықшамды шолу:

Нұргелді Әбдіғани: Әлем жаппай қарулануда, бізге де керек!

Байден сайлауға қатысудан бас тартты

АҚШ президенті Джо Байден жақтастарының кеңесін алып, сайлауға төрт ай қалғанда Дональд Трамппен додаға түсуден бас тартты.

НАТО саммиті: 75-ші басқосу Украина үшін не берді?

Осы аптада америкалық БАҚ 9-11 шілде аралығында Вашингтонда өткен Солтүстік Атлантикалық альянстың 75-ші саммитінің барысы мен алғашқы нәтижелерін талқылады. Болжам бойынша, көптеген бұқаралық ақпарат құралдарының назары Джо Байденнің президенттік сайлауға қатысу қабілетін көрсетуге бағытталған. Сонымен қатар, Украина тақырыбы, Қытай, сондай-ақ, альянстың реформа жасау қабілеті саммит қорытындыларын талдайтын мақалалардың негізгі тақырыптарына айналды.

Трампты жоққа шығарған Байден Зеленскийді Путинмен неліктен шатастырды

BBС тілшісі Энтони Цуркердің айтуынша, Байден бұрын шетелдік көшбасшылардың есімдерін шатастырған.

Эстония үкіметі Украинаға әскер жіберуге ниетті екенін мәлімдеді

Сонымен бірге мамыр айының басында НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг альянс Украинаға әскер жіберуді жоспарлап отырған жоқ деп тағы да мәлімдеді.