Польша Беларусь азаматын іздеп жатыр

Malim Админ

  • 20.12.2024

Польша полициясы Беларусь азаматы Юрий Ворсаны шетел мемлекеттерінің мүддесі үшін диверсия ұйымдастыру айыбы бойынша іздестіріп жатыр. Бұл туралы бірнеше тәуелсіз БАҚ хабарлап отыр.

Польша полициясының ресми сайтындағы «іздеуде жүргендер» бөлімінде 1992 жылы туған Юрий Ворса есімді ер адамның профилі мен фотосы жарияланған.

Диверсия ұйымдастырудан бөлек, Ворса ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында болды немесе салықтан жалтаруды ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

2020 жылдың тамызында Ворса Беларусьте болған наразылықтарға қатысқаны үшін 15 тәулікке қамалған. 2021 жылдың күзінде ол елден кетіп қалған.

«Агентство» басылымының мәліметінше, Польшада диверсия бойынша тергеліп жатқан бұл бірінші іс емес. Құқық қорғау органдары Беларусь азаматтарын бірнеше жағдай бойынша іздестіріп жатыр.

«2024 жылы Польша Ішкі қауіпсіздік агенттігі оннан астам Польша, Украина және Беларусь азаматтарын түрлі қалаларда шетелдік барлау қызметтерінің мүддесі үшін өрт қоды ұйымдастырды деп қамауға алған», – деп хабарлайды басылым.

Байланысты жаналықтар

Украинадағы соңғы жаңалықтар. Польшадан 26 мың әскер келеді

04.12.2024

Польшада өрт қоюға оқталған шетел азаматы ұсталды

13.11.2024
MalimBlocks
Украинадағы соңғы жаңалықтар. Польшадан 26 мың әскер келеді

Бұл «Украинадан тыс жерде дайындалған украиналық сарбаздардың үштен бірі».

Польшада өрт қоюға оқталған шетел азаматы ұсталды

Кінәсі дәлелденсе, қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.