Шетелдіктердің бұзақылығынан кейін Бішкекте жаппай наразылық өтті

Жұрт шетелдіктерді қатаң жазалауды талап етті

Мәди Саматұлы

  • 18.05.2024

Кеше кешке Бішкекте басталған шетелдіктерге қарсы жаппай наразылық тек 18 мамыр күні таң алдында ғана аяқталды. Полицейлер шеруге шыққандармен келісімге келіп, олар Шу даңғылын ашып, тарап кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

24.kg сайтының жазуынша, кеше сағат 21.00 шамасында Бішкектегі 7 сәуір мен Огонбаев көшелерінің қиылысында жергілікті тұрғындарды соққыға жыққан шетелдіктерден кек алмақ болған 100-ден астам жігіт жиналған.

Бұған дейін 13 мамырда Бішкекте шетелдіктердің қатысуымен жаппай төбелес болғаны хабарланған еді. Оқиға шетелдіктер тұратын хостелдердің бірінің ауласында болған. Олар бірнеше жергілікті азаматты ұрып-соққан.

Сағат 23.00-ге таяп қалғанда полиция жиналғандарды таратуға тырысты. Халық жолды жабуға әрекеттенгеннен кейін алғашқыларын ұстап әкете бастаған.

Бішкекте шетелдіктердің жергілікті тұрғындарды ұрып-соғуына қатысты Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 280-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Түн ортасына таман үш Мысыр азаматы ұсталып, Бішкек орталық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Түн ортасынан кейін полиция ұсталған шетелдіктерді бейнежазбаға түсіріп алған. Онда олар қырғыз халқынан кешірім сұрайды.

Алайда түнгі сағат бірден кейін халық Шу даңғылы мен 7 сәуір көшесінің қиылысына қайта жинала бастайды. Наразылық білдірушілер саны күрт өсіп, шамамен 1 мың адамға жеткен.

Орталық ішкі істер басқармасы бастығының, белсенділер мен спортшылардың наразылық білдірушілер тобымен ұзаққа созылған келіссөздерінің нәтижесінде жұрт тарай бастаған.

Фото: 24.kg 

Байланысты жаналықтар

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

15.05.2025

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

11.05.2025

Талғарда жұрт көзінше ер адамды ұрып-соққандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

29.04.2025

Бішкекте қазақстандықтарды алдаған колл-орталық әшкереленді

26.04.2025

Алматыда такси жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды

23.04.2025

Илон Маскқа ашулы белсенділер Tesla көлігін қиратып тастады

11.04.2025
MalimBlocks
Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

Олар президенттікке үміткер Кароль Навроцкийдің есімін айтып ұрандатты

Талғарда жұрт көзінше ер адамды ұрып-соққандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бішкекте қазақстандықтарды алдаған колл-орталық әшкереленді

Алматыда такси жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды

Илон Маскқа ашулы белсенділер Tesla көлігін қиратып тастады