Сириядағы жағдай: оппозицияның Дамаскіні басып алғаны хабарланды

Олар Асад режиміне қарсы адамдар қамалған түрме тұтқындарын босатып жіберген

Мәди Саматұлы

  • 08.12.2024

Сирия астанасы Дамаск оппозициялық күштердің қолына өткен сияқты. BBC жазуынша, елдің премьер-министрі Мұхаммед Гази әл-Джалали Башар Асадтың Дамасктан қашып кеткенін растады және билікті тапсыруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақпарат құралының жазуына қарағанда, таңғы сағат 06:00 шамасында көтерілісшілер Дамаскке кіріп, қала маңындағы Сайедная түрмесін басып алғандарын хабарлаған. Түрмеде отырған барлық тұтқын босатылған.

Сириядағы азаматтық соғыс басталғалы бері бұл түрмеге Башар Асад режиміне қарсы адамдар қамалған еді. Құқық қорғаушылардың айтуынша, алғашқы бес жылда мұнда 5-13 мың адам құпия жағдайда өлім жазасына кесілген.

CNN агенттігі көтерілісшілердің радио және теледидар ғимаратын басып алуды жоспарлап жатқанын хабарлады. Олар бұл ғимараттан жеңіс туралы мәлімдеме жасамақ.

Премьер-министр әл-Джалали биліктің бейбіт түрде тапсырылуын қолдайтынын айтты. Ол көтерілісшілермен жұмыс істеуге және халық таңдаған жаңа басшылықты қолдауға дайын екенін жеткізді. Көтерілісшілердің басшысы мемлекеттік мекемелер премьер-министрдің бақылауында қала беретінін мәлімдеді.

Башар Асадтың нақты қайда екені белгісіз. Reuters агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап, Асадтың белгісіз бағытқа кеткенін хабарлады. SOHR оның жеке ұшағының Дамаск әуежайынан ұшып кеткенін болжайды. Әлеуметтік желілерде тараған фотода Дамаск әуежайында барлық рейстің тоқтатылғаны көрінеді, тек Мәскеуге ұшқан рейс тіркелген.

Сирия әскерінің офицерлері демобилизацияланып, жүздеген әскери формасын шешкен. CNN хабарлауынша, Дамаск әуежайында хаос орнап, тұрғындар елден кетуге тырысып жатыр.

Бір топ тұрғын Омейяд алаңына жиналып, Асад режимінің құлауын тойлауға кіріскен. Әлеуметтік желілерде тараған бейнелерде музыка ойнап, адамдардың тасталған танк айналасында билеп жатқаны көрінеді.

Фото: Louai Beshara/AFP via Getty Images

Байланысты жаналықтар

Израиль Сириядағы әскери нысандарға шабуыл жасады

03.05.2025

Путин Сирияның жаңа билігіне Асадты бермейтін болды

24.04.2025

Қазақстандық әйел Сирияға кетіп, қыздарын лаңкестерге тұрмысқа бермек болған

24.04.2025

Абаев: Сириядағы қазақтардың отанға оралғысы келмейді

03.03.2025

Сириядағы қарулы топтардың құрамында 30 қазақстандық бар - Дәурен Абаев

02.03.2025

Сирияда уақытша президент тағайындалып, әскер таратылды

30.01.2025
MalimBlocks
Израиль Сириядағы әскери нысандарға шабуыл жасады

Путин Сирияның жаңа билігіне Асадты бермейтін болды

Қазақстандық әйел Сирияға кетіп, қыздарын лаңкестерге тұрмысқа бермек болған

Астанада әйел экстремистік материалдарды таратқаны және террористік топқа қосылуға әрекеттенгені үшін сотталды

Абаев: Сириядағы қазақтардың отанға оралғысы келмейді

Сириядағы 30-дан астам қазақстандықтардың көпшілігі өз еліне оралуға ниетті емес.

Сириядағы қарулы топтардың құрамында 30 қазақстандық бар - Дәурен Абаев

Сирияда уақытша президент тағайындалып, әскер таратылды