Тбилисидегі наразылық: ел Парламенті ғимаратында өрт шықты

Наразы топ ғимараттың қоршауын бұзып өткен

Мәди Саматұлы

  • 01.12.2024

Тбилисиде парламент ғимаратында өрт шығып, наразылыққа шыққан халық пен полиция арасында қақтығыс ушыға түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

rbc жазуынша, митингке шыққандар ғимараттың терезелеріне тас лақтырып, қоршауларды бұзып өткен. Ал президент Саломе Зурабишвили оппозицияны қолдай отырып, парламенттің заңсыз екенін жариялап, өз өкілеттілігін мерзімі аяқталғанына қарамастан тапсырудан бас тартқан.

Тікелей эфирде көрсетілген кадрларда парламент ғимаратының бір бөлмесінен от шыққаны көрінген. Imedi телеарнасы наразылар телеарна орнатқан жабдықтарды бүлдіріп, ғимараттың терезелерін сындырғанын хабарлады.

Наразылықтардың басталуына парламент сайлауының нәтижелері түрткі болғанын айта кетейік, онда биліктің «Грузин арманы» партиясы жеңіске жетті. Оппозиция елдің Еуропалық Одаққа кіру мәселесінің тоқтатылуына қарсы.

Грузияның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі кейбір топтар билікті күшпен басып алуға бағытталған арандатушылық әрекеттерді ұйымдастыруға тырысып жатқанын мәлімдеді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, екі күнге созылған наразылықтар кезінде 40-тан астам полиция қызметкері жарақат алып, 100-ден астам адам ұсталған.

Фото: en.apa.az

Байланысты жаналықтар

АҚШ антиизраильдік акцияларға қатысқан 300 студенттің визасын жойды

28.03.2025

Түркиядағы наразылықтарда 1900 адам ұсталды

27.03.2025

Қамауға алынған Ыстамбұл мэрі түрік халқына үндеу жолдады

23.03.2025

Анкара мэрі қамауға алынған Экрем Имамоглуны "президент" деп, Түркиядағы наразылықтарға қосылды

21.03.2025

Түркияда Ыстамбұл мэрі ұсталғаннан кейінгі жаппай наразылық жалғасып жатыр

20.03.2025

Қазақстанда Саакашвилидің жақын серігі ұсталды

19.03.2025
MalimBlocks
АҚШ антиизраильдік акцияларға қатысқан 300 студенттің визасын жойды

Түркиядағы наразылықтарда 1900 адам ұсталды

Қамауға алынған Ыстамбұл мэрі түрік халқына үндеу жолдады

Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглу жақтастарын өз құқықтарын қорғауға және Түркияның қалаларында алаңдарға шығуға шақырды

Анкара мэрі қамауға алынған Экрем Имамоглуны "президент" деп, Түркиядағы наразылықтарға қосылды

Анкара мэрі Мансур Яваш Ыстамбұл мэриясы ғимаратының алдында өткен наразылық акцияларына қатысты

Түркияда Ыстамбұл мэрі ұсталғаннан кейінгі жаппай наразылық жалғасып жатыр

Қазақстанда Саакашвилидің жақын серігі ұсталды

Қазақстанда танымал грузин саясаткері Леван Варшаломидзе ұсталды