Украина Ресеймен 30 күндік бітім жасау ұсынысын қабылдады

Арман Қайыпхан

  • 11.03.2025

АҚШ Украинаға көмекті дереу қайта жалғастырады. Ал Украина АҚШ-тың Ресеймен 30 күндік бітім жасау ұсынысын қолдайды, деп хабарлайды Malim.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Сауд Арабиясының Джидда қаласында өткен АҚШ пен Украина делегацияларының келіссөздері нәтижесінде жарияланған бірлескен мәлімдемеде айтылған.

Сонымен қатар, АҚШ Украинамен барлау мәліметтерімен алмасу үдерісіндегі кідірісті дереу тоқтатады.

Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак Украина АҚШ-тың 30 күндік атысты тоқтату режимін дереу енгізу туралы ұсынысын қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл режим тараптардың өзара келісімімен ұзартылуы мүмкін, бірақ ол Ресейдің қабылдауына және бір мезгілде орындауына байланысты болады.

“АҚШ Ресейге бұл процестің өзара келісімге негізделгенін және оның бейбітшілікке жетудің басты шарты екенін жеткізеді”, – деп жазды Ермак өзінің Telegram-арнасында.

Келіссөздер қорытындысы бойынша, Украина мен АҚШ украиналық пайдалы қазбаларды бірлесіп игеру туралы келісімді мүмкіндігінше тезірек жасасуға уағдаласты.

Фото: Saul Loeb/AP/picture alliance

Байланысты жаналықтар

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025

Кремль Украинадағы соғысты тоқтату туралы талаптарды "ультиматум" деп атады

12.05.2025

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

12.05.2025

Зеленский Ыстамбұлға барады - БАҚ

12.05.2025

Трамп: Украина Ыстамбұлдағы кездесуге бірден келісуі керек

11.05.2025
MalimBlocks