Жапония ханшайым Юрикомен қоштасты

Ханшайым Юрико 1941 жылдың қазани айында сол кездегі императордың кіші інісі Микасаға тұрмысқа шыққан.

Аялдар Күнтуған

  • 20.11.2024

Қазіргі императордың ағасының жесірі, ұзақ жыл Жапония императоры болған Микасаның жары Юрико 16 қараша күні 101 жасында қайтыс болған еді. Қазір бүкіл ел аза тұтып, «өз ары мен беделін жоғалтпай, ханшайымға тән» өмір сүрген ханшайыммен қоштасу рәсімін өткізіп жатыр. Бұл жайында The Japan News арнайы мақалалар тізбегін ұсынды.

Ханшайым Юрико 1941 жылдың қазан айында сол кездегі императордың кіші інісі Микасаға тұрмысқа шыққан. Ол кезде ол Токиодағы әйелдер академиясын бітірген болатын. 2022 жылы күйеуі туралы естелік кітап жазып, арнайы сұхбат берген Юрико өмірінің қызықты сәттері мен қиын шақтарын әзілмен еске алған еді. Ханзададан үш ұл, екі қыз сүйген ханшайым өмірін қайырымдылық қорларын басқарумен, ана мен бала қамқорлығына жауапты қоғамдық қызметтерді ұйымдастырумен, әлемге бейбітшілік тілеумен және балаларының тәрбиесін қадағалаумен өткізді. Жапон басылымдары оны «тыныш өмір сұруді қалаған қараапйым жан» деп сипаттайды. Жары мен үш ұлы қайтыс болған. Қыздары Ясуко мен Масако император ұрпағы ретінде мемлекеттік қайырымдылық қлорларында қызмет етеді.

Ханшайым Юрико жары, ханзада Микасамен бірге бірнеше рет Түркия, Иран, Мысыр секілді елдерді аралап, адамзат тарихына тағзым етіп, әлем халқын бейбітшілікке үндеген. «Ізгі ниет елшісі» ретінде көпке танылған. Ол, сондай-ақ, Жапон Қызыл Крест қоғамының құрметті вице-президенті, Жапонияның ұлттық киім мәдениетін ілгерілету қауымдастығының және Ikebana International ұйымының құрметті президенті қызметін атқарды.

Қазір Жапон император отбасының 16 мүшесі бар. Олар қатаң тәртіптегі салт-дәстүр бойынша 101 жастағы әжелерін аза тұту рәсіміне қатысып жатыр.

Фото: The Japan News