Зеленский бүгін Трамппен телефон арқылы сөйлесетінін мәлімдеді

Зеленский бүгінгі қоңыраудан Трамп Путинмен болған әңгіме туралы толық айтып береді деп үміттенеді

Malim Админ

  • 19.03.2025

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен бүгін телефон арқылы сөйлесетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Зеленский Финляндия президенті Александр Стуббпен өткен баспасөз мәслихатында 19 наурызда Трамппен телефон арқылы сөйлесетінін айтты. Ол америкалық және украиналық тараптар арасында кездесу сәтті өткенін және бүгінгі әңгіме барысында Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен не туралы сөйлескенін егжей-тегжей айтып береді деп үміттенеді. 

ЗеленскийУкраина Ресей басып алған аумақтарды Ресей жері ретінде мойындамайтынын мәлімдеді. Ол бұл және басқа да мәселелерді талқылау үшін теңізде де, әуе кеңістігінде де тыныштық режимін қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.

"Біз үшін "қызыл сызық" – уақытша оккупацияланған Украина жерлерін Ресейдің аумағы ретінде мойындау. Біз бұған келіспейміз", – деп түйіндеді Зеленский.

Еске салайық, 18 наурызда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Кремль мәліметінше, Ресей басшысы Ресей мен Украинаның энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасамау туралы өзара келісім идеясын қолдап, ресейлік әскерге тиісті бұйрық берген.

Фото: Valentyn Ogirenko/Reuters

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті