457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Зеленский Ыстамбұлда өтетін келіссөздерге қатысатынын мәлімдеді

Владимир Зеленский 2 маусымда Ыстамбұлда өтетін келіссөздерге Украинаның ресми делегациясы қатысатынын растады, деп хабарлайды Malim.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Делегацияны Украина Қорғаныс министрі Рүстем Умеров басқарады.

Зеленскийдің айтуынша, Украина келіссөздер барысында соғыс қимылдарын сөзсіз тоқтату, тұтқындарды босату және Ресей басып алған аумақтардан ұрланған балаларды қайтару мәселелерін басты талап ретінде қояды.

Сонымен қатар, келіссөздерде "ең жоғары деңгейдегі" кездесу ұйымдастыру мәселесі де көтеріледі. "Негізгі шешімдерді тек көшбасшылар ғана қабылдай алады", – деп жазды Зеленский Telegram парақшасында.

Бұған дейін, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Путин мен Зеленскийді жеке кездесуге шақырғанын жазған едік.

Фото: t.me/V_Zelenskiy_official