Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әлемде алғаш рет құс тұмауынан адам қайтыс болды

Әлем
Әлемде алғаш рет құс тұмауынан адам қайтыс болды
Фото: istockphoto.com

АҚШ-та алғаш рет адамға бұрын тіркелмеген H5N5 құс тұмауы жұғып, өлімге әкелген жағдай тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау департаментінің хабарлауынша, қайтыс болған адам – жасы келген, ауыр созылмалы аурулары бар тұрғын.

Тексеру барысында оның үйінің ауласынан әртүрлі түрдегі үй құстарының шағын тобы анықталған. Науқастың отбасы мүшелері туралы ақпарат жарияланбай отыр.

Соңғы бір жарым жылда АҚШ-та тіркелген барлық адам жұқтыру жағдайлары H5N1 штамымен байланысты болған.

Вашингтондағы бұл жағдай — H5N5 вирусы алғаш рет адамға жұғып, өлімге әкелген әлемдегі алғашқы оқиға болып отыр.

Денсаулық сақтау мамандарының айтуынша, қоғамдық тәуекел деңгейі төмен, науқаспен байланыста болған адамдардан вирус анықталмаған, адамнан адамға берілу фактілері жоқ.

Мамандар бұл жағдайдың бақылауда екенін және қауіптің таралу ықтималдығы аз екенін атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу