freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алғабас тұрғындары орталықтандырылған ауыз суға қол жеткізді

Қоғам
Алғабас тұрғындары орталықтандырылған ауыз суға қол жеткізді
Фото: видеодан скрин

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура қайтарған қаражат халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға жұмсалуда, деп хабарлайды Malim.kz.

Батыс Қазақстан облысында осындай жобалардың бірі – Теректі ауданының Алғабас ауылын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету.

Көптеген жылдар бойы елді мекенде орталықтандырылған ауыз су жүйесі болмаған. Тұрғындар жыл мезгілі мен судың сапасына қарамастан, құдық суын пайдалануға мәжбүр болды.

2025 жылы прокуратура қайтарған активтер есебінен құны 576,9 млн теңгені құрайтын орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы жүзеге асырылды.

Жоба аясында екі су ұңғымасы бұрғыланып, елді мекенді тұрақты сумен қамтамасыз етуге қажетті инженерлік инфрақұрылым құрылды.

Нәтижесінде 200-ден астам абонент өз үйлерінде сапалы ауыз суға қол жеткізді.

Аталған жобаның іске асырылуы – мемлекетке қайтарылған активтердің халық игілігіне тиімді бағытталып, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге жұмсалып жатқанының нақты көрінісі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу