Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы, Астана, Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қоғам
Алматы, Астана, Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: freepik.com

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 25–27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz. 

Алдағы күндері еліміздің ірі қалаларында метеожағдай айтарлықтай өзгеше болады.

Астана

Елордада қар жауып, төменгі боран соғады.

25 қаңтар: ауыспалы бұлтты, кей уақытта қар, жаяу бұрқасын. Түнде −20…−22°C, күндіз −11…−13°C.

26 қаңтар: қар, төменгі боран, жел 9–14 м/с. Түнде −20…−22°C, күндіз −13…−15°C.

27 қаңтар: қар мен боран сақталады. Түнде −18…−20°C, күндіз −15…−17°C.

Алматы

Алматыда жауын-шашынсыз, тұман мен көктайғақ күтіледі.

25 қаңтар: ауыспалы бұлтты, түнде тұман, жолдарда көктайғақ. Түнде −8…−10°C, күндіз 0…+2°C.

26–27 қаңтар: жауын-шашынсыз, кей уақытта тұман. Түнде −5…−7°C, күндіз 0…+2°C.

Шымкент

Шымкентте жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады.

25 қаңтар: түнде қар, күндіз жаңбыр мен қар. Тұман, көктайғақ. Түнде 0…−2°C, күндіз +1…+3°C.

26 қаңтар: жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Түнде −1…−3°C, күндіз +3…+5°C.

27 қаңтар: күндіз жауын-шашын күтіледі. Түнде 0…−2°C, күндіз +1…+3°C.

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу