Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы әуежайында тағы оқиға: ер адам өзін дәретханада өлтірмек болды

Оқиға
Алматы әуежайында тағы оқиға: ер адам өзін дәретханада өлтірмек болды

Алматы әуежайының T1 ішкі рейстер терминалында кезекті оқиға тіркелді. Жолаушылардың бірі әжетханада өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жағдайды дер кезінде байқаған қызметкерлер бірден медициналық көмек шақырған. Жедел жәрдем жеткенше жолаушыға алғашқы көмек көрсетіліп, дәрігерлердің бақылауына тапсырылды. Қазіргі таңда оның өміріне қауіп жоқ.

Оқиға орын алғанына қарамастан, әуежай жұмысы әдеттегі тәртіппен жалғасуда. Әлеуметтік желілерде сынған бөтелке мен қан іздері түсірілген суреттер тарады. Алайда ресми дереккөздер жолаушылардың қауіпсіздігіне ешқандай қатер болмағанын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін, 25 тамыз күні дәл осы терминалда тағы бір оқиға болған еді. Ер адам өзін өртеген еді, алайда полиция мен әуежайдың қауіпсіздік қызметі дер кезінде араласып, оның әрекетіне жол бермеді.

Кейін ол ауруханаға жеткізілген.

Фото: әлеуметтік желі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу