freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы облысында ірі жол апатынан үш адам қаза тапты

Оқиға
Алматы облысында ірі жол апатынан үш адам қаза тапты
Фото: полиция

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 23 маусым күні Алматы – Шелек – Қорғас автожолының 132-шақырымында тіркелген. 

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Haval автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Audi 100 автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Audi автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттерінің толық кешені жүргізілуде. Кінәлі жүргізуші қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда", – делінген хабарламада.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу